Ағымдағы жылдың 02 тамызында Ырғыз ауданында профилактикалық бақылау жүргізу барысында Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Абдиева З.С.  "Ырғыз гимназиясы" ММ және "Орталық кітапхана жүйесі" КММ қызметкерлерімен "Жаңа төлем-бірыңғай жиынтық төлем" тақырыбында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.»

06.08.2019 - 09:21
Өзгертілді: 06.08.2019 - 09:21

2019 жылғы 31 шілде айында Ақтөбе облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялык емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы ғимаратында филиал маманы Г.Гафаровамен Департамент өкілі Т.М.Аманкуловамен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде атқарылған жұмыстар бойынша техникалық оқу өткізілді.

            Семинар барысында жоғарыда көрсетілген мекемелерінің мамандарымен жұмыс нәтижелері және ҚР Заңнамасының талаптарына сәйкес қызмет алушыларға ақпараттар түсіндіру қажеттілігі   туралы  ұсыныстар талқыланды.

06.08.2019 - 08:50
Өзгертілді: 06.08.2019 - 08:50

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өтті.

2019 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы халыққа түсіндіру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде Ашық есік күні өтті.

29.07.2019 - 16:15
Өзгертілді: 29.07.2019 - 16:15

Беттер