Әйтеке Би ауданындағы көшпелі отырыс

МСЭ №1

 

Ағымдағы жылдың  қазан айының 7-і мен 9-і аралығында Әйтеке Би ауданында  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама  бөлімінің жоспарлы көшпелі отырысы өткізілді, 40 тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді, медициналық-әлеуметтік сараптаманың әр түрлі  сұрақтары бойынша  16 кеңес берілді.

         9.10.2019 жылы орталық  аудандық аурухана  базасында  ДКК төрайымы, дәрігерлер,  медбикелердің қатысуымен  семинар өткізілді. Семинар барысында Әйтеке Би ауданының 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алғашқы мүгедектіктің және мүгедектердің оңалту көрсеткіштері, медициналық ұйымдар және МӘС бөлімдерінің біріккен қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары және мүгедектердің  оңалту жеке бағдарламасының қалыптастыру сұрақтары талқыланды

Қазақ