Ұжым қызметкерлеріне Ел басшысының «Бес әлеуметтік бастамасы», «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек: «Қоғамдық бақылау акциясы» және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелердің түсіндірілгендігі туралы

Үстіміздегі  жылғы  29 мамырдағы Ырғыз   аудандық «Ырғыз»  газетінің №22 нөмірінде  «Әлеуметтік мәселелердің маңыздылығы түсіндірілді»  тақырыбымен мақала жарық көрді.  Мақалада департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы  Қ.М.Утемуратовтың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерімен кездесіп,    қатысушыларға  мемлекетіміздің  Ел басшысының «Президенттің  бес әлеуметтік  бастамасы» атты халыққа үндеуі;  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес,  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың шаралары алу;  Нұр Отан»  Партиясының  «Кедергісіз келешек: Қоғамдық бақылау» акциясы шеңберінде үстіміздегі жылы атқарылатын жұмыстар және зейнетақы  жүйесіне қатысу өтіліне байланысты  2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау  тәртібіне  енгізілетін   өзгерістер   туралы жан-жақты  түсіндіргендігі туралы айтылған.

Қазақ