Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметшілеріне оқыту семинарын өткізді

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау дағдыларына оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында Департамент қызметкерлерімен ұсыныстар айтылып, жұмыс жасау әдістері тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Сондай-ақ, семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге «Е-қызмет» саласындағы тікелей маманға толғандыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді

Қазақ