Мұғалжар ауданда №5 МӘС бөлімінің мемлекеттік қызмет

МСЭ №5

2019 жылы қараша айының 5 мен 6 аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Мұғалжар ауданда жоспарлы көшпелі отырыс өткізді. Отырыс кезінде орталық аурухананың базасында 35 қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді, медициналық-әлеуметтік сараптаманың әр түрлі сұрақтары бойынша 8 адамға кеңес берілді.

          05.11.2019ж. күні №5 МӘС бөлімі мамандары ауданының орталық ауруханасында дәрігерлердің қатысуымен семинар өткізді.

         2019 жылдың 3 тоқсанның қорытындысы бойынша аудандағы алғашқы мүгедектікке шығу және мүгедектерді оңалту көрсеткіштері талқыланды.

        Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажеттілігі айтылды.

         Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап жаңа концепцияға байланысты науқастарды және мүгедектерді сырттай куәландыру толық ауыстырылуы қарастырылуда, соған медициналық – әлеуметтік сараптамаға жолдамада өткезілген және жоспарланған барлық оңалту іс – шаралары көрсетіліп науқастардың және мүгедектердің  денсаулық жағдайына сәйкес болу қажет екендігін түсілдірілді.

         

 

 

Қазақ