Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау

212

2019 жылдың 7 қарашысында "Нұр Отан" партиясы Ақтөбе қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында "Кедергісіз болашақ!" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдау қүні отті. Қабылдауға басқа атқарушы және уәкілетті органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер, Ақтөбе облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері  Абдиева З. С. және Нағашыбаева Б.А. қатысты.

          Іс-шараның мақсаты-мемлекеттік органдардың назарын мүгедектігі бар адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты мәселелеріне қолдау көрсету, сондай-ақ мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету қызметтерін күшейту.

                Қабылдау нәтижелері бойынша  Департаменттің құзіреті шегінде мүгедектік тобын, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды  және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын белгілеуге  қатысты  мәселелерді  шешуге түсініктеме беріп консультацәиялық көмек көрсетілді

 

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon 2019-11-08.jpeg118.59 KB