Көшпелі отырыс ауданда

         

2019 жылы тамыз айының 27 мен 29 аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Байғанин ауданында жоспарлы көшпелі отырыс өткізді. Отырыс кезінде Байғанин орталық аурухананың базасында 26 тұтынушыларға мемлекеттік қызметі көрсетілді, медициналық-әлеуметтік сараптаманың әр түрлі сұрақтары бойынша 14 адамға кеңес берілді.

          29.08.2019ж. күні №2 МӘС бөлімі мамандары Байғанин ауданының орталық ауруханасында дәрігерлердің қатысуымен семинар өткізді.

         2019 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша аудандағы алғашқы мүгедектікке шығу және мүгедектерді оңалту көрсеткіштері талқыланды.

        Семинар барысында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 05 қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбы атты жолдауына тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының жалпы ережелері «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, қалыптастыру, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудің маңыздылығы, медициналық құжаттарды толтыру барысы туралы айтып өтілді.

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажеттілігі айтылды.

         «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығының талаптарын орындалуына ат салыссақ ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

         Семинар барысында, 2019 жылдан бастап жаңа концепцияға байланысты науқастарды сырттай куәландыру жобасының іске асырылуы, қарастырылуда оған медициналық – әлеуметтік жолдаманың барлық талаптар бойынша толық және барлық оңалту іс – шараларының толықтай сай келуі түсілдірілді

 

        «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына  өзгерістер енгізу туралы  айтылды.

 

Қазақ