Көшпелі отырыс ауданда

МСЭ №3

2019 жылы қазан айының 1 мен 3 аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Мұғалжар ауданында Ембі қаласында жоспарлы көшпелі отырыс өткізді. Отырыс кезінде Ембі орталық аурухананың базасында 35 тұтынушыларға мемлекеттік қызметі көрсетілді.

          02.10.2019ж. күні №3 МӘС бөлімі мамандары Мұғалжар ауданының Ембі орталық ауруханасында дәрігерлердің қатысуымен семинар өткізді.

                 Семинар барысында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 05 қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбы атты жолдауына тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының жалпы ережелері «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, қалыптастыру, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудің маңыздылығы, медициналық құжаттарды толтыру барысы туралы айтып өтілді.

2019 жылдың 1 жарты жылдың қорытындысы бойынша аудандағы алғашқы мүгедектікке шығу және мүгедектерді оңалту көрсеткіштері талқыланды.

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажеттілігі айтылды.

         «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығының талаптарын орындалуына ат салыссақ ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

медициналық-әлеуметтік сараптамаға 088/у нысанындағы жолдама бойынша (бұдан әрі – 088/у нысаны) жеке басын куәландыратын құжаты, тұрақты тұрғылықты жерi, бойынша тiркелгенiн растайтын құжат, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат.Осы көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған (алынған) жағдайда талап етілмейді.»

Қазақ