Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдің 2018 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

1.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету.

Ақпарат

Тұрақты

2.

Әдеп жөніндегі уәкілдің құзіретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау.

Ақпарат

Келіп түсуіне қарай

3.

Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодекісінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мониторинг және бақылау жасау

Ақпарат

Тұрақты

4.

Азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

Ақпарат

Тоқсан сайын

5.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодекісінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша Еңбекмині мен ЕӘҚКК қызметкерлеріне, сондай-ақ Еңбекминіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Ақпарат

Тоқсан сайын

6.

Мемлекеттік қызметші атына кір келтіретін фактілерді (оқиғаларды) анықтау мақсатында БАҚ-тардағы жарияланымдарды зерделеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің жеке аккаунтындағы теріс сипаттағы жарияланымдарды анықтау мақсатында танымал әлеуметтік желілерді (Vkontakte, Facebook, Instagram, Мой мир және т.б.) мониторингілеу.

Ақпарат

Тұрақты

7.

Мемлекеттік қызметшілерге ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды айқындау бойынша анонимді анкета жүргізу.

Есеп

Жартыжылдықта бір рет

8.

Жеке және заңды тұлғаларға әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларына кіретін мәселелер бойынша қабылдау жүргізу

Тоқсан сайын есеп

Әр бейсенбі сайын сағат 16:00-ден 17:00 дейін