Алға ауданында көшпелі отырыс

МСЭ 1

Ағымдағы жылдың  қараща айының 11-і мен 13-і аралығында Алға ауданында  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама  бөлімінің жоспарлы көшпелі отырысы өткізілді, 30 тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді, медициналық-әлеуметтік сараптаманың әр түрлі  сұрақтары бойынша  10 кеңес берілді.

         Орталық  аудандық аурухана  базасында  ДКК төрайымы, дәрігерлер,  медбикелердің қатысуымен  семинар өткізілді. Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманың, мүгедектердің  оңалту жеке бағдарламасының қалыптастыру өзекті сұрақтары талқыланды

Медициналық ұйымдар және МӘС бөлімдерінің біріккен қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сұрақтарына ерекше көніл аударылды.

Қазақ