«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

 

 

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 

         «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 101 үй, анықтама үшін телефон: 8 (7132) 54-60-71, факс: 8 (7132) 41-72-43, e-mail: g.umarova@enbek.gov.kz,  мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

        Бас маман-заңгер консульт, С-О-5 санаты, № 02, 1 бірлік. уақытшы (негізгі қызметкер жүктілікке және босануына байланысты 2019 жылғы 31 шілдеден  бастап 2 желтоқсан  аралығында демалыс кзендерінде)

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108305 теңгеден 146177 теңгеге дейін.

         Функционалдық міндеттері: Басшыға қол қоюға берілген құқықтық актілер жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігіне бақылауды, оның ішінде бұйрықтар, және оларға қол қоюды жүзеге асыру; сотта, сондай – ақ басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Министрліктің, Комитеттің, Департаменттің мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді; Министрліктің, Комитеттің және Департаменттің кінә қою – талап қою жұмысын жүргізуді, ұсыныстарды әзірлеуді және сот органдарында кінә қою, талап қоюды қарау кезінде анықталған департаменттің кемшіліктерін жоюды оларды басшылыққа беруді ұйымдастырады; айқындалған сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық туралы дайындалған материалдардан заңды қорытынды дайындау; сотта әкімшілік тәжірибені жүргізу; әкімшілік материалдарды қарау, қол қою және шағым арыз беру; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық жұмыстарын басшылыққа алатын әдістемелік жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; департаменттегі құқықтық жалпыға міндетті оқуды қамтамасыз етеді; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдауын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және оларға жауап беруді жүргізеді; мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия жұмысына қатысады; Департаменттің, Комитеттің басшысының нұсқауларын, өкімдерін және бұйрықтарын уақытында орындауды және ай сайын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау, еңбек және еңбекті қорғау заңнамасының сақталу жай – күйі туралы Министрліктің Заң департаментіне есеп дайындауды қамтамасыз етумен қатар Департаменттің басшылығымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады. 

             Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

   Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі құқық.

           Құзірет бойынша: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

 

           Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)      «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен  құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну  конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

        Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

           Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы  бойынша департаментінде өтеді.

           Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

            Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

            Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. 

           Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

          Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

___________________________________________________________________

  (қолы)                                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.